Жаңалықтар

Астанада жанкүйерлер шорт-тректен ұлттық құрама спортшыларын қарсы алды

Астанада жанкүйерлер шорт-тректен ұлттық құрама спортшыларын қарсы алды
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 18.03.2025 07:31 199

Астанадағы халықаралық әуежайда жанкүйерлер мен журналистер шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасын қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшылар Қытайдың Бейжің қаласында өткен әлем чемпионатынан елге оралды. Қытайдағы әлем біріншілігінде отандастарымыз арасынан Денис Никиша 500 метрге жүгіру сайысында күміс медаль жеңіп алды. Ол былтыр да осы қашықтықта мәре сызығын екінші болып кесіп өткен еді. Сонымен қатар Әділ Ғалиахметов 1000 метр қашықтықтың финалында 7-орын алса, әйелдер құрамасы эстафетада жүлдеге бір табан жетпей, жарысты 4-орынмен аяқтады. Бұл отандық шорт-трек үшін үлкен нәтиже, себебі аталған спорт түрінен әлемде бәсеке өте жоғары.

Әуежайда спортшыларды жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері ғана емес, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Спортты дамыту дирекциясы және Ұлттық конькишілер одағының өкілдері де қарсы алды. Олар спортшыларға жылы лебіздерін білдіріп, алдағы жарыстарға табыс тіледі.

Отандық шорт-трекшілер осылайша тағы бір ірі жарыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Енді олар алдағы халықаралық жарыстарға дайындықтарын жалғастырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға