Жаңалықтар

Астанада жаңажылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады

Астанада жаңажылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады
Фото: © El.kz 29.12.2023 15:31 921

Астанада Жаңа жыл қарсаңында мерекелік отшашу болады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі Жаңа жыл қарсаңында демеушілік қаражатқа ұйымдастырылған мерекелік отшашу болатынын растады.

Әкімдіктің мәліметінше, отшашу алдында, сағат 00:00-де Қазақстан Әнұраны ойналады. Одан кейін екі орын: Ботаникалық бақ және "Атырау" көпіріне іргелес аумақта әр жерде 1 мыңға жуық отшашу атылады.

Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді. 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, "Қазақ елі" монументі аумағында және EXPO алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін "Жаңа жыл түні" атты жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға