Жаңалықтар

Астанада Жаңа жылда отшашу ұйымдастырылды

Астанада Жаңа жылда отшашу ұйымдастырылды
Фото: Астана қалалық әкімдігі 01.01.2024 11:08 673

Қала тұрғындарының ыңғайы үшін жаңа жылдық отшашу қаланың екі жерінде ұйымдастырылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отшашуды Ботаникалық бақта және «Атырау» көпіріне іргелес аумақта ұйымдастырылды. 

Жаңа жылдық мерекелік отшашудан бөлек, қаладағы үш жерде қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жаңа жыл түні» атты мерекелік концерттік іс-шаралар өтті. 

Концерттік бағдарламаларда Інжу»тобы, Думан Усаев, Кулаим Қайырбаева, «ДиАрт» тобы, Алмас Кішкенбаев, Ғайни Жұмашева, Айсұлу Жак, Джордан, Сәндібек Әбуов, Ерасыл Бозаев, Auka, Бейбіт Қорған, Еркеш Хасенов, Әли Оқапов, Ayree, «Килиманджаро» тобы, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, Ақтоты Болшова, Махамбетәлі Әбділда, Диана Исмаил, Маржан Арапбаева, Кенжебек Жанәбілов, Qanay және басқалардың өнер көрсетті. 

Концерттер қалалық алаңда, «Қазақ елі» монументінің аумағында және ЭКСПО алаңында түнгі сағат 2:00-ге дейін жалғасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға