Астанада Ынтымақ елді мекеніне қатынайтын қосымша автобус бағдары іске қосылды
Бұл туралы City Transportation Systems мәлім етті
Фото: @cts_kz
Фото: @cts_kz
11.02.2023 19:50
1436
Астанада қала маңына қатынайтын жаңа № 328 бағдары іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
11 ақпаннан бастап қала маңына қатынайтын жаңа № 328 бағдары іске қосылады. Ол Ынтымақ ауылына да жүретін болады.
Жаңа бағдар Тілендиев даңғылындағы «Шұғыла» аялдамасынан «Ынтымақ» ауылына дейін қатынайды.
Бұл бағдарға «Iveco Daily» автобусы қызмет көрсетеді.
Бөлісу:
