Жаңалықтар

Астанада VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясы ашылды

Астанада VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясы ашылды
Фото: El.kz 29.03.2023 10:19 955

ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымы ашылды, деп хабарлайды El.kz  ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шақырылымды ашық деп жариялады.

"Сайлауда жеңіске жетіп, депутат атанған азаматтардың қызметіне табыс тілеймін. Сіздер мемлекетімізді дамытып және ел мүддесін қорғау ісіне үлес қосасыздар деп сенемін. Мен 1 жыл бұрын халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауықымды жұмыстар атқарылды", деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалғанан еске салды.

"Президент 7 жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ, Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депуттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. Реформаларымыз күшті президент, ықпалды парламент есеп беретін үкімет қағидасына негізделді. Бұл қағида мемлекетіміздің негізгі тірегі. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы Сенат, Мәжіліс және Мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Оның барлығы аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Қанша күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды өте қысқа мерзімде жүріп өттік", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға