Астанада үш көше жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы тағы үш көшеде жөндеу жүргізуде. Осыған байланысты жол учаскелері уақытша жабылады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұмыс Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ардагерлер көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселуде. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде жол қозғалысы шектеледі.
Сондай-ақ Таскескен көшесінің Обаған көшесінен С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде. Мұнда қозғалыс 22-25 мамыр аралығында жабылады.
Сол сияқты Бекетай көшесінде Тілендиев даңғылынан А.Затаевич көшесіне дейін орташа жөндеу жұмысы басталды.
Жоғарыда аталған учаскелерде көлік құралдарына арналған қозғалыс 22-23 мамыр аралығында толығымен шектеледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.