Жаңалықтар

Астанада ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды

Астанада ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 24.11.2023 21:17 848

Астанада ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полицейлер Кемеров облысының аумағында ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады.

 30 жастағы әйел Астана қаласының Қабылдап-тарату орнына белгілі бір тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам ретінде жеткізілді.

Кемеров облысының 30 жастағы тұрғыны 2023 жылдың наурыз айында соттан жасырынып, Қазақстан Республикасына келгені анықталды. Елордада әйелдің тұрақты тұрғылықты жері болмаған, кездейсоқ табыстармен күн көріп, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып алған. Ұсталған адамға Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 158-бабының 3-бөлігіне сәйкес тұрғын үйге заңсыз кірумен жасалған ұрлық айыбы тағылған. Қазіргі уақытта айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Минск Конвенциясына сәйкес, Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға