Астанада Ұлы Абай күніне арналған «Домбыра Party» өтеді

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
10.08.2024 11:25
589
Бүгін қазақстандықтар Абай күнін атап өтіп жатыр. Ұлы ақынның мұрасын ұлықтау шаралары Астанада да өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Солардың бірі – «Домбыра Party» әдеби сазды кеші.
Айтулы шара Есіл өзенінің жағалауы, Хан Кенесары ескерткішінің маңы, жазғы караоке алаңында 10 тамызда кешкі сағат 20.00-де басталады.
Дана Абайдың әндерін шырқап, руханият бұлағы - өлеңдері мен қара сөздерін еске түсіріп, Есілдің жағасында демалып қайтасыздар, - дейді шараны ұйымастырушылар.
Айта кетейік, Абай күні Қазақстанда 2020 жылдан бері аталып өтіп келеді. Ұлы ақынның 175 жылдың мерейтойы қарсаңында ел Үкіметі аталған датаны мерекелер тізіміне енгізді.
Бөлісу:
