Жаңалықтар

Астанада тұтынушыларды қорғаудың ақпараттық жүйесі туралы айтылды

Астанада тұтынушыларды қорғаудың ақпараттық жүйесі туралы айтылды
Фото: © El.kz 20.02.2024 02:39 672

«Е-Tutynushy» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ақпараттық жүйе ретінде астаналықтарға өз құқықтарын қорғауға көмектесе алады. Бұл туралы Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Ілиясов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство кәсіпкерлер үшін аумақты күтіп-ұстауға қойылатын талаптар санитарлық нормалар мен ережелерді сақтауды, сауда нысанының келушілері мен қызметкерлері үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділікті қамтитынын еске салды.

Ірі сауда нысанының әкімшілігі ірі сауда нысанының жұмысын және оның жұмыс істеуі үшін жағдайларды ұйымдастырады. Атап айтқанда, ірі сауда нысанының аумағын уақтылы жинау және абаттандыру, санитариялық-эпидемиологиялық талаптар клинингтік қызметтердің және арнайы қызметтердің күнделікті жұмысымен қамтамасыз етілетін ірі сауда нысандарына жататын сауда орталықтары мен сауда-ойын-сауық орталықтарын қоспағанда, кестеге сәйкес ірі сауда нысанының аумағында және нысандарында айына кемінде бір рет санитариялық күн өткізу. Сонымен қатар ірі сауда нысанының аумағындағы сауда орындарына сервистік қызмет көрсету, қоғамдық тәртіпті, өрт қауіпсіздігін сақтау, нысанды күзетуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау, маңдайшаны орналастыру, схеманы белгілеу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізетін ірі сауда нысанының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасының мөлшері туралы хабардар ету, QR-кодты орналастыру ірі сауда нысаны әкімшілігінің құзырында, - деді Ғалымжан Ілиясов.

Сондай-ақ тұтынушылар 2021 жылдың 1 қаңтарында құрылған «Е-Tutynushy» ақпараттық жүйесі арқылы бизнес өкіліне өтініш немесе шағым қалдыра алады. Осылайша, ақпараттық жүйе арқылы тұтынушылардың шағымдары бақыланып, талдамалық деректер қалыптастырылады және азаматтардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларындағы мемлекеттік органдар проблемалық мәселелерді анықтайды. Мәселен, 2023 жылы Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушылардың 2900 өтініші, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы - 156 өтініш түскен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға