Астанада тұрғын үйден өрт шықты

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
22.03.2024 15:32
613
Сағат 14:03-те Астана қаласында, Сарыарқа ауданында 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сағат 14:16-да өрт 25 шаршы метр алаңда оқшауланды. Сағат 14:35-де өрт жойылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 30-ға жуық адам және 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әскери қызметшілер «Жыл басын» қуанышпен қарсы алды
Келесі жаңалық
Өскеменде көпірдің астынан ер адамның мәйіті табылды