Астанада тұрғын үй кешенінде өрт шықты

Астанада Тәуелсіздік даңғылы бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Оқиға бүгін кешкі уақытта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына 8 минутта жеткен төтеншеліктер тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен қатты түтінді анықтаған. Өрт сөндірушілер арнайы сатының көмегімен пәтер ішінен әйелді алып шығып, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырған.
Өрт сағат 18.57-де оқшауланды. Қызыл жалынды сөндіруге 22 қызметкер мен 7 техника жұмылдырылды.
ТЖМ мәліметінше, пәтердің асхана бөлмесінде 15 шаршы метрді құрайтын аумақта жиһаз, үй заттары және керілген төбе жанған.
Тұрғын үйден 30 адамды, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер 3 тұрғынды, оның ішінде 1 баланы құтқарды. Оқиға орнында құтқарылған үш адамды жедел жәрдем бригадасы тексеруде.
Оқи отырыңыз:
Теміртауда дүкен ғимаратында газ жарылып, 2 адам зардап шекті
Төтеншеліктер Теміртаудағы жарылыстың болжамды себебін айтты
