Астанада тұрғын үй ауласынан мәйіт табылды
Фото: El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: El.kz/Арман МУХАТОВ
19.09.2023 18:22
691
Елордада тұрғын үй ауласынан әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы 19 қыркүйекте Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй ауласынан әйелдің денесі табылды (зорлау белгілері жоқ). Қазір қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Ол 53 жастағы елорда тұрғыны.
Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға