Жаңалықтар

Астанада тозығы жеткен электр желілері жаңартылады

Астанада тозығы жеткен электр желілері жаңартылады
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 24.08.2023 00:07 797

Бүгін Астанада жылу желілерін жөндеу жұмысымен таныстыру мақсатында «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ нысандары бойынша баспасөз туры ұйымдастырылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.  

Елорданы энергиямен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жаңғырту және жай-күйін жақсарту үшін «Астана-АЭК» АҚ 2021-2025 жылдарға арналған жаңа инвестициялық бағдарламаны іске асыруға кіріскен.

Баспасөз турына қатысушылар «Астана-Өңірлік электржелілік компания» АҚ-на қарасты 3 нысанда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысымен танысты.

Олар алдымен Мирзоян көшесі, 29П мекенжайында орналасқан «ПНФ» шағын станциясына барды.

Бұл шағын станция алғаш рет 1985 жылдың басында іске қосылған. Соңғы рет қайта жаңарту жұмысы 2008 жылы жүргізілді.

Тұтынушылар санының ұлғаюына және қолданыстағы желілер үшін қажетті қуат мөлшерінің өсуіне байланысты бұрнығы трансформатордың қуаты жеткіліксіз болды. Сондықтан бұл станция жаңартылды, - деді «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Абжанов.

Аталған станция қаладағы Тәуелсіздік, Момышұлы, Абылай хан даңғылдарын және Мұңайтпасов көшесін жылумен электр желілерімен қамтамасыз етеді. Бұған дейін трансформатордың күш қуаты 40 Кв болған. Ал қазір ол 63 Кв-қа жеткен.

Одан кейін қоғам белсенділері Күйші Дина, 1 мекенжайында орналасқан 502-трансформаторлық шағын станциясының жай-күйімен танысты.

Соңғы нысан – Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылындағы «Орталық» шағын станциясы болды. 1983 жылы құрылған станцияда жаңарту жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға