Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді
Бұл туралы Үкіметтің Telegram каналы мәлімдеді
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz
28.10.2022 09:44
1752
Бүгін Астана қаласында ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды El.kz Бұл туралы Үкіметтің Telegram каналы мәлімдеді.
Отырысқа Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан Үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Тәжікстан Үкіметі басшысы Кохир Расулзода және Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов қатысады. Сонымен қатар Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 34 адам коронавирусқа шалдықты
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды