Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы басталды
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
14.10.2022 11:33
1394
Елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды El.kz.
Осыған дейін Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы төрағалығы шеңберінде елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті өтетіні хабарланған. Шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан және Тәжікстан басшылары, сондай-ақ атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы қатысатыны айтылған .
12 қазан күні Қазақстан төрағалығымен Астанада ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оған Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстан сыртқы істер министрлері қатысқан еді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Талибан» британиялық қарт ерлі-зайыптыны қамауға алды