Жаңалықтар

Астанада терек мамығы маусымы: ТЖД өрт қауіпсіздігі туралы ескертті

Астанада терек мамығы маусымы: ТЖД өрт қауіпсіздігі туралы ескертті
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 26.05.2023 16:18 995

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ажар Рүстемова елордалық әкімдікте өткен брифингте терек мамығына байланысты өрт қауіпсіздігі туралы айтып берді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша жыл сайын жаз айларының басында қаладағы өрттердің саны бірнеше есе артады, бұған көбінесе терек мамығы себеп болады. Өткен 2022 жылғы мамыр және маусым айларында елордалық ТЖД қызметкерлері терек мамығын сөндіруге 62 рет шықты.

Көшелер мен аулалар қар секілді терек мамығымен көмкеріліп қалады, бұл өз кезегінде ықтимал өрт ошағына айналады. Көбіміз балалық шағымызда терек мамығынан жолдар жасап, кейін оларды өртеп жіберетініміз есімізде. Өкінішке қарай, адамның психологиясы өзгермейді және қазіргі уақытта да балалар осылай ойнап жатады. Бірақ оның қауіптілігін толықтай сезіне бермейді. Балалар ғана емес, ересектер де темекі тұқылын немесе сіріңкесін сөндірмеген күйі лақтыру арқылы өрт қаупін тудырады, – деді ол.

Терек мамығы арқылы от үйлер мен басқа ғимараттардың жанғыш материалдарына көшеді. Әсіресе осы кезеңде автомобильдерге зияны тиіп жатады, тіпті гараждар да қызыл жалынға оранады. ТЖД осы уақыт аралығында өрт қауіпсіздігі талаптарын еске салып өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға