Жаңалықтар

Астанада техникалық қызмет көрсету станциясы өртенді

Астанада техникалық қызмет көрсету станциясы өртенді
Фото: ҚР ТЖМ 07.02.2025 10:05 155

Астанада техникалық қызмет көрсету станциясында өрт болып, бір адамды күйік шалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, түнде Астана қаласының Байқоңыр ауданында Е.Брусиловский көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының бірінде өрт шығып, оның 2 боксы ашық жалынмен жанды.

ТЖМ күштері 250 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.

Өрт салдарынан станцияны жалға алған 1986 жылы туған ер адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Бір шағын автобус пен бір жүк көлігіне зақым келді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға