Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

Фото: instagram.com/akimat__astana
Фото: instagram.com/akimat__astana
10.08.2024 17:12
664
Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің, ұлттық қолөнердің және Тәжікстанның ұлттық тағамдарының жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жәрмеңкеде жаңа піскен жеміс-жидек, көкөніс, табиғи бал, жаңғақ, кептірілген жеміс, түрлі дәмдеуіштер және т.б. бар. Сондай-ақ жәрмеңкеде ұлттық қолөнер бұйымдарын – былғарыдан, керамикадан, ағаштан жасалған бұйымдарды, қолдан тігілген кілемдерді, кәдесыйларды, дәстүрлі тәжік тағамдарын сатып алуға болады.
Жәрмеңке «Барыс-Арена» спорт кешеніне іргелес аумақта бүгін 10 тамыз сағат 19:00-ге дейін, 11 тамыз күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ұлттық идеология негізі Абайда жатыр
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды