Жаңалықтар

Астанада тазалықшыларға көже мен бауырсақ таратылды

Астанада тазалықшыларға көже мен бауырсақ таратылды
Фото: Видеодан кадр 16.03.2025 06:22 306

Наурызнаманың «Қайырымдылық күні» аясында Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімдігі ерікті жастармен бірге коммуналдық қызметкерлерге мерекелік көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала тазалығы мен жайлылығына еңбек сіңіріп жүрген азаматтарға ыстық бауырсақ пен дәстүрлі Наурыз көже ұсынылды.

Наурыз – тек көктемнің ғана емес, ізгілік пен жанашырлықтың да мерекесі. Біз күнделікті еңбегі көзге көріне бермейтін, бірақ қала өмірінде маңызды рөл атқаратын коммуналдық қызметкерлерге құрмет көрсеткіміз келді. Олардың еңбегі әрқашан елеулі, сондықтан оларға алғыс білдіріп, мерекелік көңіл күй сыйлау – біздің мақсатымыз, – деді ұйымдастырушылар.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға