Жаңалықтар

Астанада такси жүргізушісі шетелдікті 150 метр қашықтыққа тасымалдаған

Астанада такси жүргізушісі шетелдікті 150 метр қашықтыққа тасымалдаған
Фото: Polisia.kz 06.10.2023 22:36 926

Астана станциясының теміржол вокзалында рейд жүргізу кезінде көлік полицейлері елорданың 50 жастағы тұрғынын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол теміржол вокзалынан екі жолаушыны тасымалдаған. Ер адам жолаушылардың бірінің шетелдік екенін әрі қаланы білмейтінін пайдаланып, оны вокзалдан 150 метр қашықтықта орналасқан "Сапаржай" автовокзалына 500 теңгеге апаруға келіскен.

Аталған факті бойынша құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) және ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі (тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған қоғамдық орындарда тиісу ҚР ӘҚБтК 10 АЕК айыппұл немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді.

Заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға