Астанада тағы бірнеше жол учаскесі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
19.08.2023 16:58
911
Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Д.Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының, сондай-ақ Өндіріс көшесінің қиылысында жол төсемін жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жөндеу жұмысына байланысты 19-20 тамыз аралығында Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Сонымен қатар, 19 тамыздан 7 қыркүйекке дейін Солтүстік айналма жолдан көлік айырбасына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Бөлісу:
