Астанада тағы бір көше уақытша жабылады

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
18.07.2024 17:47
638
«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Жұлдыз айналымында жол төсеміне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты осы жылдың 18-22 шілдесі аралығында жоғарыда аталған учаске жабылады.
«Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді