Астанада тағы бір азық-түлік жәрмеңкесі ашылды

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі
23.06.2023 20:06
968
Астана қаласында «СТС-24/7 ШАРЫН ОПТ» деп аталатын кезекті азық-түлік жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, бұл жәрмеңкеде елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түліктерді көтерме бағамен сатып ала алады.
Сол сияқты азық-түлік өндірушілері мен жеткізушілеріне сауда орындары мен қоймалар жалға беріледі.
Жәрмеңке күнделікті Алаш тасжолы, 31/2 мекенжайында («Шанхай/Көк Базар», «Шарын», «Алаш», «Әмір» базарларының қасында) 9:00-ден 21:00-ге дейін өтеді.
Дәл осындай жәрмеңкелер Абылай хан даңғылы, 20а, Сауран көшесі, 7 және Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 14 мекенжайларында да жұмыс істейді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елімізде жемқорлық жайлаған сала анықталды