Жаңалықтар

Астанада су тапшылығынан көлік жуу орталықтары мен моншалар жабыла ма?

Астанада су тапшылығынан көлік жуу орталықтары мен моншалар жабыла ма?
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 06.06.2023 12:39 969

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Астанадағы су тапшылығы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейінгі кулуарда айтты.

БАҚ өкілі вице-премьерден «Бішкекте көлік жуу орталықтарын, монша және суды көп қолданатын басқа да алаңдарды уақытша жауып тастаған. Себебі су тапшылығы туындап отыр. Астана бұл жағдайға жетуі мүмкін бе?» деп сұрады.

Қазір бұлай істеудің қажеті жоқ. Себебі сорғы станциясы жақын арада бітеді және сумен қамтыламыз, - деп жауап берді ол.

Сондай-ақ елордадағы су тапшылығын шешу мәселесі кеңінен қаралып жатқанын айтты.

Алдағы уақытта мәселе туындамас үшін Астана су қоймаларын қамтамасыз ету керек. Бұл – бірінші мәселе. Екіншіден, бұл су қоймаларының жұмысын тез арада іске асыру қажет. 2-3 жылда бастауымыз керек. Себебі елордаға көшіп келіп жатқандар қатары артуда. Су тапшылығы мәселесі бізде ғана емес, көптеген елде бар, - деді Алтай Көлгінов.

Бұған дейін Бішкекте су тапшылығына байланысты бассейндер мен моншалар жабылып жатқанын хабарлағанбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға