Жаңалықтар

Астанада шұғыл медициналық көмектің жетекші орталығы іске қосылмақ

Астанада шұғыл медициналық көмектің жетекші орталығы іске қосылмақ
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 17.03.2024 12:05 587

Денсаулық сақтау министріне 200 төсекке есептелген Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жаңа көпбейінді ауруханасы таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоба шұғыл медицина, инсульт проблемалары, күрделі акушерлік, полижарақат және трансплантология бойынша 5 республикалық үйлестіру орталығын құруды көздейді. Сонымен қатар 27 бейіні бар 7 клиникалық орталықты, оның ішінде акушерлік орталығы, нейроорталықты, кардиоорталықты, полижарақат орталығын, ішкі аурулар орталығын, хирургия орталығын және септикалық хирургия орталығын құру жоспарлануда.

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер жаңа аурухана ел азаматтарына медициналық сараптама мен денсаулық сақтаудың нағыз орталығына айналатынын атап өтті.

Астана қаласында көпбейінді аурухана салу жөніндегі жобаны іске асыру Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Жоба медициналық көмектің сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді, халықтың барлық топтары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға