Жаңалықтар

Астанада «Шаттық-2025» байқауының қорытынды гала-концерті өтіп жатыр

Астанада «Шаттық-2025» байқауының қорытынды гала-концерті өтіп жатыр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.04.2025 17:54 181

Астанада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» концерт залында «Шаттық-2025» шығармашылық қалалық байқауының қорытынды гала-концерті өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған шара «Шабытты самғау» ұранымен ұйымдастырылып, кең ауқымдағы ерекше мерекеге айналды.

Астанада «Шаттық-2025» байқауының қорытынды гала-концерті өтіп жатыр

Астанада «Шаттық-2025» байқауының қорытынды гала-концерті өтіп жатыр

Концерттің негізгі мақсаты – бір жылға созылған шығармашылық жобаның соңғы кезеңі ретінде елорда балаларының көркемдік деңгейін, таланттары мен шеберліктерін көрсету.

Астана қалалық білім басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Гүлфара Сарамбетованың айтуынша, «Шаттық-2025» шығармашылық қалалық байқауына 7 мен 18 жас аралығындағы 9 900-ден астам дарынды бала мен жасөспірім қатысқан.

Астанада «Шаттық-2025» байқауының қорытынды гала-концерті өтіп жатыр

Астанада «Шаттық-2025» байқауының қорытынды гала-концерті өтіп жатыр

Астанада «Шаттық-2025» байқауының қорытынды гала-концерті өтіп жатыр

Әр жылы байқауға қатысушылар саны артып келе жатқандығы қуантады. Мәселен, өткен жылы 5000-8000 бала мен жасөспірім қатысса, биыл олардың саны 10000-ға жетті. Бүгінгі гала-концертте байқаудан өткен 15 мың жеңімпаз бен лауреаттар «Қазақконцерттің» сахнасында өнерге деген сүйіспеншілігін паш етіп, өз өнерін көрсетуде, – деді Гүлфара Сарамбетова.

Аталмыш байқауда қола жүлдегер атанған Астана қаласы әкімдігі Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің 3 «Б» сынып оқушысы Смайл Әбілмансұр концертке арнайы «Молдабай» әнін айтуға келген.

Астанада «Шаттық-2025» байқауының қорытынды гала-концерті өтіп жатыр

Байқауға 3 сәуір күні қатыстым. Қарсыластарымның қалай өнер көрсеткенін білмеймін, өзіме ән айту қиындық тудырған жоқ. «Отан» деп аталатын әнді шырқадым. Бірақ бүгінгі концертке «Молдабай» әнін таңдадық, – деді оқушы.

Гала-концерт барысында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құндылықтары, атап айтқанда, патриотизм, ұлттық дәстүрлерге құрмет, рухани бірлік насихаттауды көзделген. Бұл бағдарламаның идеологиялық және тәрбиелік құрамдас бөлігі концерттің мәнін айқындап, жастарға үлкен тәрбие береді.

Астанада «Шаттық-2025» байқауының қорытынды гала-концерті өтіп жатыр

Астанада «Шаттық-2025» байқауының қорытынды гала-концерті өтіп жатыр

Концертте халықаралық би күніне, Н. Тілендиевтің 100 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және Ахмет Жұбановтың туған күніне арналған шығармашылық қойылымдар ұсынылуда.

Астанада «Шаттық-2025» байқауының қорытынды гала-концерті өтіп жатыр

Жас қатысушылар өз өнерімен Қазақстанның бірлігі мен ынтымақтастығын, өркендеуін және бейбітшілігін өнер арқылы жеткізуді мақсат етті.

Астанада «Шаттық-2025» байқауының қорытынды гала-концерті өтіп жатыр

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға