Астанада шаңды дауыл тұрады: қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жолдады

Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 11 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Осыған байланысты елордалық ТЖД ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеруіне қатысты ақпаратқа назар аударуға шақырады. Жел күшейген кезде тұрғындар мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауы керектігін атады.
- өте мұқият болыңыз, әлсіз бекітілген және ескі құрылымдарға, қараусыз қалған ғимараттарға, ағаштарға, электр желілеріне жақындамаңыз;
- егер қатты жел кезінде далада қалсаңыз, жерасты өткелдерінде немесе ғимараттардың подъездерін паналау қажет;
- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр мен өзге де заттар құлауы мүмкін;
- егер шаңды дауыл кезінде далада қалсаңыз көзіңізді матамен, көзілдірікпен, т.б. заттармен бүркемелеңіз.
Ал ұйымдар мен мекемелер өз кезегінде:
- көтергіш-көлік жабдықтарын бекіту, ескірген шатырларды, пеш және желдеткіш құбырларды, билбордтарды, баннерлерді нығайту, шатырларды, балкондарды, лоджияларды бөгде заттардан тазарту;
- витриналарды, терезелерді желден қорғаңыз;
- мекемелер ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланған жағдайда кезекшілікті ұйымдастыру.
