Жаңалықтар

Астанада Сарыарқа даңғылының бір бөлігі ішінара жабылады

Астанада Сарыарқа даңғылының бір бөлігі ішінара жабылады
Фото: instagram.com/akimat__astana 13.08.2024 21:00 397

Астанада Сарыарқа даңғылының Шевченко көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған жол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігі асфальтбетон жабыны бойынша анықталған ескертулерді жою шеңберінде жол жабынының жоғарғы қабатын ауыстыру бойынша жұмыстарды мердігер мекеме өз қаражаты есебінен жүргізетінін алға тартты. 

Осыған байланысты 13-16 тамыз аралығында аталған учаскедегі Сарыарқа даңғылы ішінара жабылады. Жұмыстар жолдың ішінара жабылуымен кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Бұл ретте қиылыстар ашық болады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз,-делінген әкімдік мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға