Астанада Сарайшық-Мәңгілік Ел торабының учаскесі жөндеуге жабылады

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі
08.06.2024 10:48
580
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М1 (Сарайшық-Мәңгілік Ел) жол айрығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Жұмыстар М1 жол айырығының келесі учаскелерінде жүргізілуде:
- Сарайшық көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына оң жақ съезд.
- Мәңгілік Ел даңғылынан Сарайшық көшесіне оң жақ съезд.
Осыған байланысты осы жылдың 8 маусымы сағат 18:00-ден 10 маусым сағат 6:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысы бірнеше көлік қар құрсауында қалды