Астанада салынып жатқан LRT бағандарының бірі қисайып қалды

Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден
23.09.2023 10:51
3646
City Transportation Systems (CTS) компаниясы салынып жатқан LRT бағандары бірінің қисайып кетуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Жан-жақты зерттеу барысында 1 тіректің жобаға сай келмейтіндігі анықталды. Осы себепті мердігер аталған тіректі бұзып жатыр. Одан кейін қайтадан салады. Шығын бас мердігер есебінен өтелетін болады, – деді аталған компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Оксана Лоскутова.
Айта кетейік, Астанада құрылысы қайта жалғасқан LRT-ның қисайған бағаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған еді.
Бөлісу:
