Астанада Республика күніне арналған мерекелік отшашу ұйымдастырылады

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
23.10.2024 21:39
530
Астанада республика күніне демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Отшашу 25 қазан күні сағат 21:00-де Триатлон саябағында (Пирс ауданы) өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, соның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын алаптардың аумақтарында, білім беру ұйымдарында және тағы басқа орындарда өтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Олжас Бектенов Республика күні қарсаңында Президент атынан мемлекеттік наградалар табыс етті
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды