Астанада қыстың алғашқы күнінде 50 жол апаты болды

Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
01.12.2023 11:29
1084
Елордалық полицейлер жүргізушілерді жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 1 желтоқсан күні таңертең 50 жол-көлік апаты болған.
Ауа райының қолайсыздығы мен қар жаууына байланысты жүргізушілерді сақ болуға, белгіленген жылдамдықты сақтауға және тежегішті бірден баспауға шақырамыз, - делінген мәліметте.
Жүргішілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де абай болғаны жөн. Жол ережесін бұзу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әзілкеш Нұржан Төлендиев жақында жиенді болады
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды