Жаңалықтар

Астанада Қырғызстанның мәдениет күндері өтеді

Іс-шара аясында Қырғызстан өнер шеберлерінің гала-концерті мен сәндік қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылады
Астанада Қырғызстанның мәдениет күндері өтеді
Фото: assembly.kz 26.10.2022 10:41 2232

26-29 қазан аралығында Астана қаласында Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндері өтеді, деп хабарлайды El.kz.

26 қазанда сағат 12.00-де Астана қаласындағы «Керуен» ойын-сауық орталығы 7 кинопаркте Қырғыз киносының күндері ресми ашылуы өтеді. Сағат 15.00-де Ұлттық академиялық кітапхада Қазақстан және Қырғызстан елінің зиялы қауым өкілдері дөңгелек үстелде бас қосып, Айтматовтың еске алады.

27 қазаннан 10 қарашаға дейін Ұлттық музейде Қырғызстанның бейнелеу өнері көрмесі есігін ашады. 19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндері ресми ашылады. Іс-шара аясында Қырғызстан өнер шеберлерінің гала-концерті өтеді, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраларының көрмесі мен сәндік қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылады.

28-29 қазанда Одан бөлек, «Манас» эпосына арналған іс-шара; «Ақ марал» мемлекеттік би ансамблінің концерті; Н.Түгелова және Ш.Исабаев атындағы «Қамбарқан» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концертін өткізу жоспарланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға