Жаңалықтар

Астанада құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге пәтер кілті табысталды

Астанада құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге пәтер кілті табысталды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 19.03.2024 16:49 506

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге пәтер кілті берілгенін жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Наурыз мейрамы қарсаңында ТЖД қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды. Қоныс тойын тойлап жатқандар арасында өрт сөндірушілер, құтқарушылар, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары бөлімшелерінің командирлері бар. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР ТЖМ-мен бірлесіп, еңбек жағдайларын және тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жұмыс істейміз. Мәселен, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біз тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар санатын (Қазақстандық тұрғын үй компаниясы) кеңейттік, жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық, онда ТЖД қызметкерлерінің санатын арнайы жеке қарастырдық. Сол сияқты Департамент қызметкерлері үшін тұрғын үй сертификатының мөлшері 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Соңғы үш жылда ТЖД қызметкерлеріне 90 пәтер берілді, - деді әкім.

Өткен айда Көктал елді мекенінде өрт сөндіру депосы ашылды. Оның аумағында елордалық гарнизон қызметкерлері үшін 18 қызметтік пәтерге арналған жатақхана қарастырылған.

Сонымен қатар, қазір өрт сөндіру депосын Үркер елді мекенінде салып жатырмыз, Телман және Интернациональный елді мекендерінде, сондай-ақ 28-ші көшеде тағы үш бөлімшені жобалап отырмыз. Өткен жылы Департаменттің автопаркі 21 техникамен толықты, - дейді Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға