Астанада құсбегіліктен халықаралық турнир өтеді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
11.09.2023 21:09
947
Астана қаласы маңындағы Софиевка ауылында 12-13 қыркүйек күндері құсбегіліктен (саятшылық) барлық жастағы спортшылар арасында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа Қытай, Моңғолия, Қырғызстан мемлекеттерінен сонымен қатар, Қазақстанның 15 облысы мен 4 қаласынан спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр.
Атаулы халықаралық турнир биыл 6 рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа әлем чемпионатының жеңімпазы Серікболсын Жалғасұлы, Азия чемпионатының жеңімпазы Арман Қошқаров сынды спортшылар қатысып, бақ сынайды.
Өтетін орны: «Алаш» тас жолы, Софиевка ауылы.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан құрамасының әлемдік рейтингтегі орны анықталды
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды