Жаңалықтар

Астанада құрбысына қонаққа барған әйел үйін тонап кетті

Астанада құрбысына қонаққа барған әйел үйін тонап кетті
Фото: © Pexels.com 02.02.2024 13:38 2369

Астанада құрбысының пәтерінен зергерлік бұйымдар ұрлаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол қонаққа шақырған үйден 430 мың теңгенің алтын әшекейлерін жымқырып кеткен. Полицияға қала тұрғыны хабарласып, бағалы заттарының жоғалғанын айтты. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің 27 жастағы танысын анықтады.

Күдікті досына қонаққа келген кезде пәтер иесінің үй шаруасына айналғанын пайдаланып, оның алтын әшекейлерін қалтасына сүңгітіп үлгерген. Үйден шыққан бойда әшекейлерді ломбардқа тапсырған.  Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға