Астанада қойма жанындағы контейнер өртенді

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
17.02.2024 09:18
1154
Астана қойма үй-жайында 2х40 тонна контейнерде өрт шықты. Қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтеншеліктердің мәліметінше, оқиға бүгін таңы сағат 04.59-да болған. Өрт сағат 07.06-да сөндірілді. Оны сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 9 адам және 2 техника жұмылдырылды.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқи отырыңыз:
Бөлісу:
