Жаңалықтар

Астанада қоян-қолтық ұрыстан жарыс басталды

Спортшылар Қорғаныс министрінің кубогы үшін бақ сынасады
Астанада қоян-қолтық ұрыстан жарыс басталды
07.12.2022 05:09 2106

Астанада Қарулы күштердің және күштік құрылымдардың спортшылары расында қоян-қолтық ұрыстан жарыс басталды, деп хабарлайды El.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Турнирдің ашылу салтанатына Парламент депутаттары, министрліктер мен өзге де құзырлы мекемелер өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Мемлекет басшысы тұрғындардың барлық жас санатында бұқаралық спортты дамытуға, ұлт денсаулығын нығайту мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Бұл тұрғыда қоян-қолтық ұрыстың барлық күштік құрылымдарда дамып жатқанын айта кеткен жөн. Ол әскери қызметшілерді шымыр етіп қана қоймай, төзімділікке, мықтылыққа үйретеді. Барлық қатысушыларға сәттілік, тартысты бәсеке, мықты командалық рух тілеймін. Шын мықтылар жеңіске жетсін!, – деді турнирдің ашылу салтанатында Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Қорғаныс министрінің кубогында еліміздің барлық күштік құрылымдарының 15 командасы, 160-тан астам спортшысы қатысып, бағын сынайды. Ерлер сегіз, әйелдер үш салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға