Жаңалықтар

Астанада қосалқы электр станциялары мен жылумен жабдықтау нысандары салынуда

Астанада қосалқы электр станциялары мен жылумен жабдықтау нысандары салынуда
Фото: instagram.com/jenis_qasymbek/ 19.01.2025 20:10 113

Астанада қаланы қосымша жылумен қамтамасыз ету үшін «Телман» жаңа газ жылу станциясы салынып жатыр. Қазіргі уақытта іргетасы мен қадалардың бітелуі бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің желі парақшасында жазуынша, бұл жоба елордада тағы 80 мың тұрғынды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Телман» ГЖС құрылысы 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда. 

Сол сияқты биыл құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-ті аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл нысанның бірінші кезеңі 2023 жылдың күзінде аяқталып, пайдалануға берілген. Сондай-ақ, электр желілері бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Біз бірқатар қосалқы электр станциясының құрылысын жүргізіп жатырмыз. Мысалы, «Арай» қосалқы станциясы 96%-ға дайын. Бұл жоба Астананы қуаттылығы 80 МВА болатын үздіксіз сапалы электрмен қамтамасыз етеді. Біз оны осы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтаймыз. Сонымен қатар, «Қазыбек» қосалқы станциясының құрылысын жүргізудеміз. Бұл жоба Теміржолшылар елдімекенін қуаты 80 МВА болатын сенімді әрі тоқтаусыз электрмен қамтамасыз етеді. Нысанды 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр,-делінген жазбада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға