Астанада Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жауапқа тартылды
Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
25.07.2023 09:07
985
Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеуді аяқтады.
Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды, - делінген мәліметте.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Темірбек Жүргеновке арналған коллекциялық монеталар шығарылады