Астанада қоғамдық монша өртеніп кетті

Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
03.12.2023 00:25
1041
Астанада екі қабатты моншадан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық ТЖД-ге сілтеме жасап.
Ағаштан салынған екі қабатты моншаның төбесі мен шатыры өртенді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрт тараған аумақ – 150 шаршы метр. Сағат 22.06-да жалын толығымен ауыздықталды», - деп жазылған қалалық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.
Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеода өрт Тұран көшесінде орналасқан «Орлов моншалары» кешені екені айтылуда.
Бөлісу:
