Астанада Қазақстанның VI Паралимпиада ойындары басталады

Фото: paralympic.kz
Фото: paralympic.kz
15.05.2023 08:20
1463
Астанада ҚР VI Паралимпиада ойындарының жарыстары басталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының мәліметінше, аламан үш түрлі спорт түрінен өтеді.
15-18 мамыр аралығы – оқ ату жарысы
19-22 мамыр аралығы – парапауэрлифтинг
20-22 мамыр аралығында – паратаеквондо.
Қазақстан Республикасының VI Жазғы Паралимпиада ойындары 11-30 мамыр аралығында Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында спорттың 10 түрі бойынша өткізіледі. Жарысқа еліміздің 20 өңірінен 1000-нан астам спортшы қатысады.
Бөлісу:
