Жаңалықтар

Астанада Қазақстанның Мемлекеттік елтаңба авторымен кездесу өтті

Астанада Қазақстанның Мемлекеттік елтаңба авторымен кездесу өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 28.02.2025 19:44 134

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алғыс айту күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы, сәулетші, профессор Жандарбек Мәлібековпен кездесу өтті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, алқалы жиынға мемлекеттік орган өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кездесу барысында Жандарбек Мәлібекұлының шығармашылық жолы, оның мемлекеттік рәміздерді әзірлеудегі идеялық ұстанымдары сөз болды.

Қатысушылар өз сөздерінде мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы маңызын атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде «Жандарбек Мәлібекұлы және Елтаңба» деректі фильмі көрсетілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға