Астанада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылар форумы өтеді

2023 жылдың 28 сəуірінде Астана қаласында қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың VI форумы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Жасанды интеллект дəуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» тақырыбындағы форум аясында қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтерін талқылау жоспарланған. Сонымен қатар қазақ тілінде ұсынылатын контенттің ең өзекті мəселелерін сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контент жасаушылар талқылайды.
QAZAQFORUM жыл сайын жүйелі түрде қатысушыларға өзекті мəселелерді талқылауды жəне халықаралық тəжірибе негізінде қазақстандық медиа-нарықтың даму көкжиектерін айқындайтын біріктіруші алаңға айналды.
QAZAQFORUM ашылуында Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырəлі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм сөз сөйлейді.
QAZAQFORUM барысында спикерлер мен қатысушылар талқылайтын тақырыптар: «Монетизация. Неге бəрі мұз?», «Immersiveness. Қазақстандық журналистика жаңа трендтерге дайын ба?», «From TV to YouTube: бейімделу, тенденция жəне жаңа мүмкіндіктер» жəне «Танымдық контенттің əлеуеті».
Өткізілетін мастер-клаcстар: «Өз подкастын қалай жүзеге асыру керек?», «Медиа желіде жасанды интеллекті қолдану тəсілдері».
QAZAQFORUM бейресми кездесулер мен жасанды интеллекттер өндірген сурет көрмесін ұсынады.
QAZAQFORUM арнайы қонағы – танымал əнші Мархаба Сəби.
