Жаңалықтар

Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті

Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.04.2023 12:16 1927

Астананың триатлон паркінде «Run for autism» қайырымдылық жүгіру жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Жыл сайын сәуір айы бойы аутизм спектрі бұзылған адамдарға көмектесу үшін бірқатар шаралар мен ақпараттық-түсіндіру науқандары өткізіліп тұрады. Соның ішінде бүгінгі қайырымдылық жүгіру жарысы да бар.

Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті

Жүгіріс 1, 2,5, 5 және 10 шақырым қашықтықтары бойынша өтіп жатыр. Оны ішінде 10 км – 282 адам, 5 км – 324 адам, 2,5 км – 171 адам және 1 км – 163 адам қатысты.

Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті

«Болашақ» қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гапланның айтуынша, аталған ауқымды шара осындай мақсатта алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті

«Бұл жүгіріс арқылы біз аутизм бар ересектер мен балалардың мәселелеріне барынша көңіл аудартқымыз келді. Жүгіріске көп адам қатысып жатыр. Қуанып отырмыз. Бұл бастаманы елорда әкімдігі қолдағанына өте ризамын. Бірлескен жұмыстың нәтижесі деп санаймын. Бізбен бірге жүгірген әр қатысушыға алғыс айтамын. Жүгіріс жыл сайын өтетін шараға айналады деген үміттемін», – деді «Болашақ» қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті

Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті

Іс-шара барысында аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балалар үшін «Көңілді старттар» ойын-сауық эстафетасы ұйымдастырылды. Командалық ойындарға 5 пен 14 жас аралығындағы аутизм және басқа да синдромы бар 100-ден астам бүлдіршін қатысты.

Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті

Жарысқа қатысушыларға медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға