Жаңалықтар

Астанада Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлім етті
Астанада Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді
Фото: gov.kz 14.11.2022 17:41 908

Елордада Сәбит пен Маралдың отбасында Қасым, Жомарт және Кемел есімді үшем дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz

Үшемнің ата-анасы №2 Көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлеріне алғыс білдіруде.

Жас ана жұбайының жанында медбике болып қызмет істейді. Жұбайы – тіс дәрігері. Олар алғаш рет ата-ана атанып отыр, балаларға есімдерін атасы қойған.

Үшемдер әрқайсысы шамамен 1000 гр салмақпен мерзімінен бұрын дүниеге келген. Олар бөлімше меңгерушісі Ирина Цубенко бастаған дәрігерлер назарында жаңа туған нәрестелер патологиясын күту бөлімінде болды.

«Ота жасаған және жалпы №2 КҚА-ның акушерлік блогына блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Сіздердің арқаларыңызда бүлдіршіндеріміз толыққанды өмір сүруге және жарқын болашаққа құқылы!» - деді үшемнің анасы Марал Соппек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға