Жаңалықтар

Астанада қаржы пирамидасын құрғандарға үкім шықты

Астанада қаржы пирамидасын құрғандарға үкім шықты
Фото: El.kz/Бауыржан Жуасбаев 29.07.2023 23:14 743

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Antares қаржы пирамидасын құрған және жетекшілік еткен адамдарға үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот 2020 жылғы мамыр мен 2021 жылғы шілде айы аралығында сотталушылар халықтан жалпы сомасы 200 миллион теңгеден асатын аса ірі көлемде қаражат тартқанын анықтады. Іс бойынша Қазақстанның әртүрлі қаласынан барлығы 33 адам жәбірленуші деп танылды.

Сотталғандардың кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен, тексеру актісі мен сараптамалардың қорытындыларымен, келісім-шарттармен және жәбірленушілердің қаржы пирамидасына инвестиция салғанын растайтын басқа да құжаттармен дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушылар ҚР ҚК 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаржылық пирамиданы құру және оны басқару бойынша кінәлі деп танылды. Б.-ға 6,5 жылға, ал И. 5,5 жылға бас бостандығынан айыру, қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқару құқығынан айыру үкімі кесілді, – делінген қалалық соттың хабарламасында.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға