Жаңалықтар

Астанада қару ұстайтындар көбейген

Астанада қару ұстайтындар көбейген
Фото: Pixabay.com 06.04.2023 16:05 1104

Астанада қару-жарақ ұстайтын тұрғындардың қатары көбейген. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы, полиция подполковнигі Азамат Әмен айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада қару-жарақ ұстайтындардың саны жылына 500-ге артады. Жалпы қаруға сұраныс бар. Біреулер жеке басын қорғау үшін алса, екінші бір топ спорт үшін, тағы біреулер аң аулауға алады. Қару ұстау негізінен осы үш мақсатқа беріледі, - деді Азамат Әмен.

Сонымен қатар полиция департаментінің өкілі қару-жарақты өз еркімен тапсырған жағдайда сыйақы берілетінін айтты.

Қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға оның түріне қарай 10-нан 100 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) дейін сыйақы қарастырылған. Яғни қарудың түріне, санатына және сақталу жағдайына қарай 34 500 теңгеден 345 мың теңгеге дейін сыйақы тағайындау көзделген. Қару-жарақты қабылдау үш санатқа бөлінеді. Бірінші – техникалық жағдайы өте жақсы деңгейде сақталған қару, оған 100 пайыз көлемде сыйақы беріледі. Екінші санаттағы қару-жараққа 70 пайыз, ал үшінші санатқа жатса, 30 пайыз көлемде сыйақы тағайындалады. Ескеретін жайт, сыйақы қару-жарақтың негізгі бағасына негізделеді, ол үшін сала сарапшыларымен кеңесеміз, – деді полиция подполковнигі. 

Оның айтуынша, криминалдық іске қатысы бар, ұрланған және ресми тіркелген қару-жарақ сатып алынбайды және оған сыйақы берілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға