Жаңалықтар

Астанада қарттар күніне орай флешмоб өтті

Астанада қарттар күніне орай флешмоб өтті
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 21.09.2023 17:49 858

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының және Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «1 қазан – Халықаралық қарттар» күніне арналған аудан зейнеткерлерінің қатысуымен «Денсаулық флешмобы» өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Есіл ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда өткен флешмобқа ардагерлер кеңесінің өкілдері, еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер арнайы фитнес нұсқаушысының жетекшелігімен жаттығулар өткізді.

Бұдан басқа, алдағы уақытта Есіл ауданы әкімінің аппараты тұрақты негізде теплоходпен сапарлармен қаланың көрікті жерлеріне баруды жоспарлап отыр.

Іс-шара соңында өздеріне көрсетілген ықылас пен қошеметке риза болған қарттар алғыс айтып, естелікке суретке түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға