Жаңалықтар

Астанада қар жауды. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Астанада қар жауды. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі 24.11.2023 00:00 626

Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күзгі-қысқы кезеңде елорданың бес ауданының аумағын қатты қар жауған кезде 2000-нан астам арнайы техника мен 2000-ға жуық жұмысшы тазартады.

Бірінші кезекте орталық көшелер, аялдамалар мен тротуарларда тазаланады.

Қалада арнайы жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілері оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға